$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2023, 22:04
Қоғам

Сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауады, көктайғақ болады

Манғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында кей уақыттарда тұман болжанды

Сенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауады, көктайғақ болады

28 қазанда еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Күндіз кей уақытта Ұлытау облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында көктайғақ болжанды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 18 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп болжанды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с болады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстік жартысында тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде көктайғақ болады деп болжанды. Күндіз тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласын тұман басады.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында 27 қазанда таңертең және күндіз көктайғақ болады деп болжанды.

Манғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында кей уақыттарда тұман болжанды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болжанды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары