$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2023, 23:03
Қоғам

Шымкентте балалы келіншек телефонын ала қашқан ұрыны ұрып жықты

Жәбірленуші полицияға арыз тастамаған

Шымкентте балалы келіншек телефонын ала қашқан ұрыны ұрып жықты

Шымкент полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің төбелескен сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға 16-мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған. Келіншек баласына қарап тұрған сәтте күдікті келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашқан.

Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны тартып құлатып, телефонын қайтып алады. Сол сәтте көшеде тұрған көршілер де көмекке келген. Жәбірленуші полицияға арыз тастамаған. Lегенмен шымкенттік тәртіп сақшылары аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр. 

«Видеода көрсетілген оқиға 24 қазан күні 16:30 шамасында Шымкент қаласында болған. Аталған факті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жазбаша арыз берген жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары