Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарында қауіпті инфекция жұқтырған тағы үш адам тіркелді
1 сәуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 3 адам тiркелдi: Қызылорда облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Алматы облысында - 1 адам. Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 369 адамға жетті. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz порталы хабарлайды.
- Нұр-Сұлтан – 184;
- Алматы – 84;
- Шымкент – 3;
- Атырау облысы – 16;
- Ақмола облысы – 16;
- Алматы облысы – 9;
- Ақтөбе облысы – 4;
- Қарағанды облысы – 14;
- Жамбыл облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 3;
- Павлодар облысы – 1 адам;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 25;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Түркістан облысы – 5.
Бүгінге дейін елде індеттен 3 адам көз жұмды. 26 адам жазылып шықты.