Сыртқы істер министрлігі Газада Қазақстан азаматының қаза болғанын растады

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әйел Газа секторында күйеуімен – Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыт тұрған

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болған республика азаматының кім екенін нақтыламады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газада тұрған Қазақстан азаматының қаза болғанын растады

«2023 жылдың 22 қазанында Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да көз жұмды», - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әйел Газа секторында күйеуімен – Палестина азаматымен бірге ұзақ уақыт тұрған.

Газаның орыстілді тұрғынының қаза болғаны туралы ақпарат бір күн бұрын БАҚ-та жарияланды. Марқұмның кім екені Ресей Сыртқы істер министрлігіне хабарланды.