Сеулде өткен келіссөзде екі ел полициясының өкілдері осындай мәмілеге келді
Қазақстан мен Корея қылмысқерді бірге іздейтін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Сеулде өткен келіссөзде екі ел полициясының өкілдері осындай мәмілеге келді. Сеулдегі халықаралық полиция саммитіне 35 елдің өкілдері қатысты. Полиция басшылары Кореяның қылмысқа қарсы күрес тәжірибесімен танысуға келді. Өйткені жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды жаңа технологиялардың көмегімен іздеуді қолға алған.
Сеулде өткен келіссөзде екі ел полициясының өкілдері осындай мәмілеге келді. Сеулдегі халықаралық полиция саммитіне 35 елдің өкілдері қатысты. Полиция басшылары Кореяның қылмысқа қарсы күрес тәжірибесімен танысуға келді. Өйткені жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды жаңа технологиялардың көмегімен іздеуді қолға алған.
Кореяның Ішкі істер министрінің айтуынша, қазір жергілікті мамандар күдіктінің кім екенін шаш немесе қан ізі арқылы анықтауға мүмкіндік беретін тың технологияны әзірлеп жатыр екен.
«Сіздерге 112 жүйесін таныстырғым келеді. Қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам ұрлау деректері жайлы хабарлау қиын болған кезде жәбір көруші телефондағы кез келген нөмірді 2 рет басса жеткілікті"», - деді Корея Республикасының полиция басқармасының басшысы Юн Хи Гын.
Сол арқылы қылмыстың қай жерде болып жатқаны бірден полицияға жіберіледі. Қазақстан Ішкі істер министрінің айтуынша, біздің елде интернет-алаяқтық – жиі кездесетін қылмыс түрлерінің бірі. Бүгінде ол ұрлықтан кейін екінші орында тұр екен. Осыған байланысты ведомство басшысы корейлік әріптестерін киберқылмыспен күресу тәжірибесімен бөлісуге шақырды.
«Біз ішкі істер министрліктері арасында қылмысты талдау, болжау, тәжірибе алмасу, киберқылмыспен күресу бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізу, ведомстволық білім және ғылым саласындағы өзара іс-қимыл секілді бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов,
Сондай-ақ Қазақстан мен Кореяның ішкі істер министрліктері екі ел аумағында жасырынған қылмыскерлерді бірлесіп іздестірмек.
Ержан Сәденовтың айтуынша, Кореяда Қазақстан Республикасының 45 мың азаматы тұрады, оның ішінде 10 мыңға жуығы – заңсыз жүргендер.
Өкінішке қарай, қауіпсіздік және қылмыспен күрес саласында әлі күнге дейін екі ел арасында келісімдер жоқ. Бүгінде біз тек Интерпол арқылы ғана байланысады.