Қазақстандықтар салық туралы кеңестерді бейнеқоңырау арқылы ала алады

Автор: Мира Байбек

Бейнебайланыс арқылы кеңес беру 16 қазаннан басталады

Фото: gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің «Байланыс орталығы» пилоттық жобаны іске қоспақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Комитет мәліметінше,  салық төлеушілерге бейнебайланыс арқылы кеңес беру 16 қазаннан бастап жүзеге асады.

«Жобаның мақсаты – арнайы Qr-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету», - дейді комитет өкілдері.

Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.

Байланыс орталығы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.