Оның сөзіне қарағанда, пәтер әкімдік балансына қандай бағаға алынса, сондай бағаға сатылады
Осы орайда министр «жалдамалы пәтердің баланстық бағасы» дегеніміз не екенін де түсіндірді.
Алдағы уақытта жалдамалы үй алған азаматтарға баспананы баланстық бағаға сатып алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тиісті түзетулер мәжілістің қарауында жатыр. Заңға енгізілетін өзгерістер бар. Сосын министрліктің деңгейінде нормативтік базаға түзету енгізу керек.
«Ең алдымен жалдамалы пәтерде тұратын адамдарға баспананы сатып алуға мүмкіндік алады. Әзірше, бес жыл деп отырмыз, яғни, жалдамалы пәтерде бес жыл тұрған адам оны сатып алу құқығына ие болады. Ал бағасына келер болсақ, жалдамалы пәтерді нарықтық бағаға емес, баланстық бағаға сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонда ол адамдарға жеңілдеу болады», - деді Шарлапаев бүгінгі брифингте.
Осы орайда министр «жалдамалы пәтердің баланстық бағасы» дегеніміз не екенін де түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, пәтер әкімдік балансына қандай бағаға алынса, сондай бағаға сатылады.
Мәжіліс тиісті түзетулерді қабылдап, заңға енгізуі керек. Содан кейін ғана жалдамалы пәтерді жеке меншікке сатып алуға болады.