«Қазақстанның халық жазушысы» атағын қайтаратын заң мақұлданды

Автор: Аманалина Тоғжан

Енді бұл атақ әдебиет әлеміндегі ең ірі сыйлық болмақ

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайтадан берілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бүгін Сенатта «Қазақстан халық жазушысы» атағын қайтаратын заң мақұлданды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында «Халық жазушысы» атағын қайтару туралы тапсырма берген болатын.

Соған сай заңға өзгерістер енгізу ескерілген. Енді бұл атақ әдебиет әлеміндегі ең ірі сыйлық болмақ.

Айта кетейік, «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның халық ақыны» атақтарын беру 1994 жылдан бастап тоқтатылып, олардың орнына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы тағайындалған болатын.