Сарыағашта 5 жасар қыздың өлімінен соң басы дауға қалған сот төрағасы жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды
Сарыағаш ауданында педофил қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың оқиғасынан кейін басы дауға қалған сот төрағасы жаңа қызметке тағайындалды. Аудандық соттың экс-төрағасы Нұрқазы Шетенов енді сол ауданда судья боп еңбек етпекші, деп хабарлайды Azattyq Ruhy otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатылған соң, судья ретінде жұмысқа түстім. Бұл қадам маған оңай болған жоқ», - деп жазды судья.
Нұрқазы Шетенов бұған дейін адам өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп шығып, одан кейін танысын балтамен ұрған ер кісіге (5 жасар қызды зорлап, пышақтап өлтірген педофил) неліктен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы берілгенін түсіндірген.
«Негізі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (Әрі қарай-ҚК) 106-бабы 1 бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» санкциясында үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жаза қарастырылған.С.Гаийбназаровқа бас бостандығынан айырмайтын жазаны төмендегі жағдайларға байланысты тағайындадым:С.Гаийбназаров бұрын, 31.07.2006 жылы ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, сотты болған.Алайда, қылмыстық іске тіркелген анықтамаға сәйкес, 2014 жылы бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде жазаға ауыстырылған болса, 14.06.2016 жылы жазадан босатылған. Ал, 14.01.2022 жылы оның соттылығы толығымен жойылған.ҚК-нің 79-бабының 9-бөлігіне сай, С.Гаийбназаровқа үкім шығару кезінде оның бұрынғы соттылығы жойылған, яғни, бұрынғы соттылығы бойынша барлық қылмыстық-құқықтық салдарлардың күшi жойылған.Сотталушының жазасы 2014 жылы шартты түрде жазаға ауыстырылған кезден бастап, қылмыс жасағанға дейін, яғни 2023 жылға дейін 9 жылға жуық уақыт аралықта бостандықта жүріп тұрғылықты жерінде тұрған. Бостандықта жүрген кезінде қандай да бір жауапқа тартылмаған.Сотқа дейінгі тергеп - тексеру кезінде жәбірленуші Д.Тажиматовтан сотқа дейінгі жауаптарды сақтау бойынша Сарыағаш аудандық сотында жауап алынған. Өз жауаптарында жәбірленуші сотталушы С.Гаийбназаровқа кешірім бергенін, қылмыспен келтірілген зиянның есесі қайтарылғанын, сөйтіп, өзара татуласқанын айтып, сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сот отырысында іс құжаттары зерделеніп, жәбірленушінің осы жауаптары толық тексеріліп, қаралды.Сонымен қатар, сотталушы С.Гаийбназаров сот тергеуінде өзінің қылмыстық әрекетін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады.Сотталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар жиынтығын, жәбірленушіге қылмыспен келген залалдың орнын толтырғанын, жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріп, балама бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған», - деді Нұрқазы Шетенов,