ШҚО-да үйінді астында қалып кеткен кеншіні құтқарушылар аман-есен алып шықты

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ол адамды Апаттар меицинасы орталығының дәрігерлері тексеріп, көмек көрсетуде

ШҚО-да үйінді астында қалып кеткен кеншіні құтқарушылар аман-есен алып шықты
Фото: ШҚО ТЖД

11 қазанда Глубокое ауданы Алтай ауылындағы Ертіс кенішінде жұмыстар жүріп жатқанда қазылған тау жыныстары екі адамды басып қалды. Бірі өздігінен жер бетіне шықса, екіншісін құтқаруға мамандар жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД бастығы полковник Ерғали Бахаев және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді.

1995 жылғы ер адам жер бетіне өздігінен шығып, аудандық ауруханаға жатқызылды.1991 жылғы екінші зардап шегушіге көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шахтаға түсті.

«Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің қатысуымен зардап шегушіні «Кәсіби - әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің Республикалық құтқару штабы» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының тау-кен құтқарушылары жер бетіне көтерді. Қазіргі уақытта ол адамды Апаттар меицинасы орталығының дәрігерлері тексеріп, көмек көрсетуде», - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.