Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін бұзған 86 адам қамалды – Полиция департаменті

Автор: Azattyq Rýhy

369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті.

«307 адам полицияға жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. 2000-нан аса профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 22 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 86 адам қамауға алынды. 202 айыппұл салынды. 64 адамға ескерту жасалды. 17 іс сотта қаралды», - деді ол.

Сондай-ақ блок-бекеттерде тәртіп бұзған 98 адам жазаға тартылып, оның ішінде 80 адам қамауға алынған. Қауіпсіздік шараларын сақтамаған 116 кәсіпкер жауапқа тартылды. 5 адам қамауға алынып, 102 адамға айыппұл салынды.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан