$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өгей әкесімен тұратын отбасы балалары тексеріле ме – ІІМ жауабы

Тексеру кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылғанда ғана жүзеге асырылады

Өгей әкесімен тұратын отбасы балалары тексеріле ме – ІІМ жауабы
Фото: Depositphotos

Сенаттың жалпы отырысының кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха өгей әкесімен тұратын отбасылардағы балалардың тексерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Баланы өгей әке тәрбиелеу дерегі ешқандай жағдайда бұзушылық болып табылмайды және оны тексеруге себеп бола алмайды. Тексеруге тек кәмелетке толмағанның кейбір құқықтары мен мүдделерін бұзу немесе қылмыстық немесе әкімшілік заңнаманы бұзу себеп болуы мүмкін. Баланы өгей әкесі тәрбиелеп жатса, біз оны тексермейміз және бұл мүлдем дұрыс емес деп санаймын», - деді Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха.

Еске салсақ, осыған дейін балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларды тексеру туралы мәселе Бас прокуратурадағы ведомствоаралық кеңесте көтерілген еді. Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырған.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары