Қарағанды облысында қауіпті вирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді
30 наурыз сағат 18:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302 адамға жетті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында, 1 адам Алматы облысында, 6 адам Қарағанды облысында тiркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам;
- Алматы қаласында – 73 адам;
- Қарағанды облысында – 13 адам;
- Ақмола облысында – 9 адам;
- Атырау облысы – 12 адам;
- Жамбыл облысында – 3 адам;
- Шымкент қаласында – 2 адам;
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам;
- Алматы облысында – 8 адам;
- Ақтөбе облысында – 2 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам;
- Павлодар облысында – 1 адам;
- Маңғыстау облысында – 1 адам;
- Қызылорда облысында – 5 адам;
- Батыс Қазақстан облысында – 2 адам.
Өкінішке қарай, коронавирустан қазақстандық 1 азамат көз жұмды. Ал, қауіпті дерттен айыққандар саны – 20 адам.