$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2023, 05:46
Қоғам

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бойынша ескерту жарияланды

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі

Қазгидромет ел аумағында 28 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

«Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста екпінді жел күтіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.