Батыс Қазақстанда терроризмдi насихаттады деген күдікті ұсталды
Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын
Батыс Қазақстан облысында халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Ведомствоның айтуынша, күдікті 27 қыркүйекте ұсталған.
«Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікке ілінді. Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын. Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», - деп мәлімдеді ведомство.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.