$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кипр іздеудегі адамдарды Қазақстанға қайтарады

Мәжіліс заң жобасын Сенатқа бағыттады

Кипр іздеудегі адамдарды Қазақстанға қайтарады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартқа 2022 жылғы 20 қазанда Никосияда қол қойылды.

Шарт Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының құзыретті органдары арасындағы адамдарды ұстап беру мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеуге бағытталған.

Шарт тараптары ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында Сұрау салушы Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органдары іздестіріп жатқан, өз аумағындағы кез келген адамды осы Шарттың талаптарына және өз заңнамасына сәйкес ұстап беруге міндеттенеді.

Шартта екі елдің құзыретті органдарының адамдарды ұстап беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері толық регламенттелген, оның ішінде адамдарды ұстап беру, беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімдері, ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер көзделген. Сонымен қатар, өз азаматтарын ұстап беру, берілетін адамдарды алдын ала қамаққа алу, заттар мен құжаттарды алып қою және беру мәселелері егжей-тегжейлі ескертілген. Шартты іске асыруға байланысты шығыстарды қай тараптың көтеретіні, сондай-ақ келіспеушіліктерді реттеу тәртібі айқындалған.

«Осы Шартты іске асыру екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімді болуын арттырады. Заңды қабылдау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейді және оны өзгертуге алып келмейді. Шартты іске асыру тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылатын болады», - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары