Мәжіліс депутаты «Отбасы банкі» арқылы ауылдықтарға үй алу тетіктерін жасауды ұсынды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстандықтардың 40 пайызы ауылда тұрады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/ Әбілқасым Есентаев

Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында депутат Айдарбек Қожаназаров «Отбасы банкінің» ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту жөніндегі қызметі туралы бастамалар ұсынды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Өңірлерді аралау кезінде сайлаушылар бізден ауылдық жерлердегі өмір сапасы, оның ішінде тұрғын үй инфрақұрылымы мәселелері туралы бірнеше рет сұрады. Біз жағдайды талдап көрдік және ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысына қатысты өз ұсыныстарымызбен бөліскіміз келеді. Қазақстандықтардың 40 пайызы ауылда тұрады. Ал, ауылдағы тұрғын үй қорының тозуы айтпаса да белгілі ғой. Статистикалық мәліметтер бойынша ауылдық тұрғын үй қоры 141,2 млн м2-ы немесе 1,8 млн тұрғын үйді құрайды. Оның  50%-ға жуығы 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген», - деді депутат. 

Ол атағандай, сатып алудың баламасы – жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы. 

«Оны іске асыру үшін 2024–2026 жылдарға арналған бюджет жобасында әкімдіктер жалдамалы тұрғын үй сатып алуға және салуға 229,1 млрд теңге бөлді. 66,8 млрд теңге сомасында, бұл шамамен 7 мың пәтерге тең, қаржыландыру алдын ала мақұлданды. Сала министрлігі басымдық ретінде ауылдық елді мекендер мен шекаралас аймақтарда сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етіледі деп сендіріп отыр. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіпорын қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысына жұмсалатын шығындарын субсидиялау ережелері талқылануда», - деді Қожаназаров. 

Оның айтуынша, бұл тетік бірнеше жыл бұрын нормативті түрде бекітілген, бірақ бұл механизмді жүзеге асыру үшін бюджетте ережелер көрсетілмеген және ресурстар қарастырылмаған. 

«Бір сөзбен айтқанда, нақты ақша жоқ. Механизм дұрыс, бірақ жетілдіруді қажет ететін бірқатар тұстар бар. Биылдан бастап «Отбасы Банкі» жас мамандарға ауылды ипотекалық несиелеу механизмін қарастыратын «Дипломмен ауылға» бағдарламасының операторы болып табылады. Ол арқылы жыл сайын мыңдаған жас мамандар ауылдық жерлерден баспана алу үшін жеңілдетілген несие ала алады. Биыл бағдарлама бойынша 20 млрд теңге қарастырып, оның 19,2 млрд теңгесі бөлінді, бұл шамамен ауыл тұрғындарының 3864 өтінішін құрайды. Мемлекеттің ауылда өмір сүруге қолайлы жағдай жасауды ойластыруы қуанарлық жағдай. Дегенмен, қолдау құралдарын әлі де одан әрі дамыту қажет. Біздің ойымызша, ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын жеделдетуге серпін бере алатын ұсыныстарға тоқталғымыз келеді», - деді ол. 

Депутат Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануды ұсынды:

  • Бұл инвесторлардың ресурстарын тарта отырып, жергілікті әкімдіктерге ауылдық тұрғын үй қорының тозуы мәселелерін де, инфрақұрылымды салу мен жаңғыртуды да екпінді түрде шешуге мүмкіндік береді;
  • республиканың әртүрлі климаттық аймақтары мен елді-мекендер үшін ауылдық үйлердің типтік жобаларын әзірлеу қажет;
  • жоспарлар негізінде әкімдіктермен бірлесе отырып, мәселеге кластерлік көзқараспен қарау және құрылыс құнын төмендететін және бірқатар салалардың дамуына мультипликативтік нәтиже беретін үй құрылысы комбинаттарын анықтау;
  • қалалық бағдарламаларға ұқсас, ауылдық елді мекендердегі тозығы жеткен тұрғын үйлерді, оның ішінде өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жаңарту және қалпына келтіру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуді қарастыру маңызды.

«Ауылдық аумақтарды дамыту стратегиясы өкінішке қарай, тиісті назардан тыс қалып отыр. Ұлттық экономика министрлігінде бұл мәселемен 3-ақ штат бірлігі бар бір ғана департамент айналысады. 40 халықтың мәселесімен осы керемет үштік айналасады. Олар неге үлгереді, сонда? Қабылданған Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасында нақты жұмыс істейтін тетіктер қамтылмаған. Біз бұл құжатты мұқият зерттедік. Ол декларативті, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілмейді, ауыл тұрғындарының нақты қажеттіліктерін ескермейді. Осыған байланысты Үкіметке ұсыным аяясында ауылды дамыту мәселелерін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеп, онда ауылдық аумақтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы ретінде қарастыруды ұсынамыз», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ