Көліктің техникалық тексеруден өткенін растайтын құжатты енді eGov-тан алуға болады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу нәтижесінде берілетін диагностикалық картаны цифрлық құжат форматына көшіру бойынша жұмыс аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұны аталған ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесе отырып іске асырған.

Енді автокөліктің техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын құжатты eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен электрон түрде көруге әрі жүктеп алуға болады.