Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері басшыларының қатысуымен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов пен Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның I Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.