Бүлдіршіннің ата-анасы полицияға арыз жазған
Түркістан облысының Келес ауданындағы балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтерген сәті түскен видео желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ақмаржан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі тарапынан тәрбиеленуші бүлдіршінге күш қолданғаны орталықтың бейнекамера арқылы анықталған.
«Қазіргі таңда тәрбиеші жұмыстан босатылды. Баланың анасы Полиция бөліміне арыз түсіріп, арыз бойынша қылмыстық іс қозғалуда»,- деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.