Саябақ, ағаш отырғызу, абаттандыру – Ұлытау облысындағы игі істер

Azattyq Rýhy

Облыстағы Борсеңгір ауылы тұрғындарының өтініші бойынша ауыл орталығында саябақ, сквер салу мәселесі оң шешімін тапты

Саябақ, ағаш отырғызу, абаттандыру – Ұлытау облысындағы игі істер

Биыл Ұлытау облысы, Борсеңгір ауылына «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында саябаққа тас төсеуі (брусчатка) орнатылды. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 7 миллион 056 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2020 жылдан бастап аудандық бюджет есебінен «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Бағдарлама бойынша бюджет есебінен ауылдарда жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес жобаларды іске асыру – басты тапсырма. 2020 жылы аталған жоба аясында жергілікті тұрғындардың кезекті жиналысында көтерілген мәселе бойынша талқылау жүргізілді. Мәселе ауыл орталығында саябақ, сквердің болмауы еді. «Amanat» партиясының кезекті отырысында тұрғындардың пікірі, талап-тілегі, өтініші тыңдалды. Талқылау қорытындысына сәйкес, ауыл орталығында саябақ салу туралы шешім қабылданды. Осылайша, ауыл тұрғындарының қажеттілігі өтелді», - дейді ауыл әкімі, «Amanat» партиясының мүшесі Бауыржан Әлімбекұлы.

Аталған шешімге сәйкес, 2021 жылы бекітілген бюджетте 2 миллион 200 мың теңгеге 6800 шаршы метр жерге қоршау орнатылған.

«2022 жылы аталған саябаққа 12 дана орындық және 12 дана қоқыс жәшігі орнатылды. Ауыл тұрғындары игі жұмыстың жемісін көріп отыр. Сол жылы 6 дана күн сәулесінен қуатталатын бағандар да орнатылды», - дейді ауыл әкімі.

Қазіргі таңда саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 6 шақырым жерге жаңадан тас кеспекше (брусчатка) төселіп, 200-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылған. Сондай-ақ, жарық шамдар орнатылған.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мемориалдық тақта орнатылып, 700-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда», - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Әлімбекұлы.

Сымбат ҒАЛЫМЖАН 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.