Нұрмұхамед Досыбаев орыс ақын-жазушыларын әлем әдебиетіне қосу керектігін айтты
Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстанда мектеп бағдарламасынан орыс әдебиетін алып тастап, орнына әлем әдебиетін оқыту туралы бастама көтерген болатын. Бұл қоғамда түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Орта білім саласындағы сарапшы Нұрмұхамед Досыбаев бұған біріншіден саяси ерік, екіншіден әлем әдебиетін оқыта алатын мамандар керек дейді. Ол өз пікірін Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан.
«Әлем әдебиетін оқытсақ, сол бағдарламаға орыс жазушылары да кіреді ғой. Ал орыс әдебиетін ғана оқытсақ, оған орыс әлемі ғана кіреді. Шекспир сияқты басқа жазушылар оқытылмай қалады. Сондықтан әлем әдебиеті пәнімен алмастыруды жаңа ұрпағымыздың көкжиегін кеңейту ұнысысы деп қабылдауымыз керек. Сол тұрғыда бұл жақсы ұсыныс. Ал енді әлем әдебиеті қай тілде оқытылады, дайын мамандар бар ма? Қазір оған дайын қай тілдегі мамандар бар, сол тілде оқытып бастай беру қажет. Алайда мемлекет қазақ тіліндегі мамандарды дайындап, қаржы бөлуі қажет. Бұл мемлекеттің құзіреті, саяси қолдау болуы керек», - деп пікір білдірді маман.