Ол балалардың құқығын қорғауды күшейту жайлы айтты
«AMANAT» фракциясының депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжіліс отырысының кулуарында балалардың құқығын қорғау жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Балалардың құқығын қорғау үшін, оларға жайлы жағдай жасау үшін, жетім балаларды қорғау үшін жаңа заң бастамалары қажет. Мысалы, Қарағандыда келеңсіз жағдай болғанын білесіздер. Жазда балалар қайтыс болды. Осындай ұйымдарға бақылауды күшейту керек.
Қазір интернат ұйымдарына барып тексере алмайсың. Ол үшін Бас прокуратураға тиісті құжаттарды беру керек. Бұл уақытқа дейін тиісті мекемелер дайындалып қояды. Балалар ұйымдарын мемлекеттік органдардың тексеруіне мүмкіндік беру керек», - деді Асхат Аймағамбетов.