$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2023, 17:30
Қоғам

Қарағандыда жаппай уланған мүгедек балалардың тағы бірі көз жұмды

Бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Қарағандыда жаппай уланған мүгедек балалардың тағы бірі көз жұмды

Қарағандыдағы мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған мүгедек балалалардың екіншісі көз жұмды. Ол бұған дейін біраз уақыт жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 2012 жылы туған баланы құтқару мүмкін болмады. Ол көпсалалы қалалық балалар ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің себебі – жүрек қызметінің жеткіліксіздігі», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр.

Аталған мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 160 мүгедек бала тұрады. Олардың 99-ы ата-анасы жоқ жетім бала.

Бұған дейін 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегі тіркелген еді.

Аталған жағдайдан кейін орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында аталған жайттың болу себебін токсикалық заттан қатты улану болжамымен байланысты.

Серіктес жаңалықтары