«Атам генерал»: Алматыда жұмысшыларды балағаттаған қыз сотқа тартылмақ

Автор: Azattyq Rýhy

Оның әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланады

Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда жұмысшыларды балағаттап, генерал атасымен қорқытқан қыз жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала көшелерінің бірінде жұмысшылар түнде қазба жұмыстарын жүргізген. Трактордың дыбысы мен шуылдаққа шыдамаған жас қыз жұмысшыларды балағаттауға көшкен. Қалалық полиция Департаменті, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгісіз әйелдің қоғамдық тәртіпті бұзған қызды тапты.

«Тексеру шараларының нәтижесінде Бостандық аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері «Нұр Алатау» шағынауданының тұрғыны 1991 жылы туған Г.есімді азаматшаны анықтады. Оның әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланады. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар Алматы қаласы бойынша Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.