$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2023, 16:28
Қоғам

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт көбейген

Жыл басынан бері елімізде көлік оқиғасынан 1,5 мың адам мерт болған

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт көбейген
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері Қазақстанда 8,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 12,5%-ға аз көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ranking зерттеуінше, көбінесе жол-көлік апаты Алматыда тіркеледі. Жыл басынан бері мегаполисте 2  мың жол апаты тіркелген.

Сарапшылар айтуынша, жол-көлік оқиғасының саны бойынша алдыңғы орында Алматы мен Жамбыл облыстары да тұр. Ең аз жол-көлік апаты Ұлытау облысында тіркелген – небәрі 42 жағдай. Атырау облысында – 200, ал Атырау қаласында 208 жол-көлік оқиғасы болған.

«Жалпы жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1,5 мың адам қаза тапқан: оның ішінде 1 мың ер адам және 433 әйел бар. Сондай-ақ 189 бала қаза болды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрттен бір есе көп», - делінген деректе.

Соңғы үш жылда Қазақстанда жол апатынан 6,5 мыңнан астам адам қаза тапқан. Сондай-ақ 55 мыңнан астам азамат түрлі дене жарақатын алып, денсаулығына зақым келген.

Өңірлер бойынша Алматыда – 2,2 мың адам, Алматы облысында – 1,2 мың адам, Жамбыл облысында 1,1 мың адам жол апатынан зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары