Түркияда көңіл қосқан адамын өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

1993 жылғы жерлесіміз марқұммен бірге бір үйде тұрған

2023 жылы 31 тамызында Түркияның Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ҚР азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурсада түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталған 1993 жылғы жерлесіміз марқұммен бірге бір үйде тұрған.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Марқұм - онымен бірге бір үйде тұрған көңіл қосқан адамы. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сілтеген», деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.