Астанада PRO.NRG FEST үлкен ғылыми отбасылық фестиваль өтті
PRO.NRG FEST бұл танымдық отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара
9 қыркүйек күні астанамызда PRO.NRG FEST – балаларға және ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
PRO.NRG FEST – бұл танымдық отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара. PRO.NRG FEST екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі ғылыми-көпшілік фестивалдерінің бірі болып келеді.
Оқушылар сарайында күні бойына лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізілді, бұл отбасыларды ғылым мен технологиялар, қызықты ашылымдар мен жаңа білім әлеміне апарды.
PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытып жүрген «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасымен өткізіледі. Peremena.media білім берудің замануи трендтері туралы басылым медиалық серіктес болды.
PRO.NRG FEST-те іс-әрекеттегі ғалымдар мен зерттеушілерді кездестіріп, оларға сауалдар қойып және тіпті эксперименттерге де қатысу мүмкіндігі болды. Фестиваль балалар мен ересектерге ғылымды жаңа қызықты жағынан қабылдауға көмектесетін ұмытылмас тәжірибе сыйлады.
«Отбасылық фестиваль екінші жыл өткізіліп жатыр және екінші жыл барлық жас ерекшелігіндегі адамдар біздің миссиямызға қосылып жатыр. Біз білімге деген ынтаны қолдауға тырысамыз және зор кері байланыс алып отырамыз. Осы жолы біз еліміздің барлық аумақтарынан іздеген көбірек қазақстандық бірегей спикерлерді шақырдық – еліміздің әртүрлі жерлерінен келген 50-ден астам ұстаздар өздерінің инновациялық тәсілдерімен бөліседі. Сонымен қатар, біз басқа қалалардан, елдерден келген көптеген қонақтарды да көріп отырмыз, білім мен ғылымға деген ұмтылыс адамдарды соншалықты шабыттандыратыны қуантады», – деп, «Caravan of Knowledge» білім беру қорының басшысы Зарина Биюмбаева атап өтті.
PRO.NRG FEST – бұл сондай-ақ STEAM ұстаздарына арналған білім беру және нетворкингтік платформа. S – science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) и M – mathematics (математика). Бүгінде STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сонымен қатар, барлық бес пәнді біріңғай білім сұлбасына интеграциялауға негізделген.