Ақтауда ойнап жүріп, шатырдан құлаған баланың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жеткіншек биіктен құлап, екі үйдің ортасына қыстырылып қалған

Фото: almaty.tv

8 қыркүйекте Ақтау қаласында сағат 21-45-те 16-шы ықшам аудан, 59 үй мекенжайында екі тұрғын үйдің ортасындағы қуысқа бала құлап кетіп, қыстырылып қалғаны туралы жедел жәрдемнің кезекші желісіне ақпарат түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің екі көлігі мен жеке құрамнан сегіз қызметкер аттанды. 

«Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлері аталған мекен-жайда жеті қабатты тұрғын үйдің шатырынан қабырғалары жақын орналасқан екі тұрғын үйдің арасындағы қуысқа баланың құлап, бірінші қабат деңгейінде қыстырылып қалғанын анықтады. ТЖД қызметкерлері күшімен 2006 жылғы жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі таңда зардап шеккен бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр деп бағаланады», делінген Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккен баланың тұрғын үйдің шатырында достарымен бірге ойнап жүргені, ата-анасының қарауынсыз болғаны да нақтыланады.