Өскеменде көлігіне «Z» белгісін салған азамат кешірім сұрап, жазуды өшірді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол полицейдің ескертуінен кейін көлігінің сыртындағы жазуды өшіруге мәжбүр болды

Әлеуметтік желіде өскемендік азаматтың өз көлігіне ақ бояумен «Z» белгісін салып алған видеосы тарады, деп хабарлайлы Azattyq Ruhy.

Кадрлардан арандатушылықты тудырған жүргізушінің өз әрекетін оғаш деп санамайтынын байқауға болады.

Десе де, біраз уақыттан кейін ол белгіні өшіріп, кешірім сұрады.

Ер адам көлігіне «Z» белгісін салуын өз тегінің сол әріптен басталатынымен түсіндірді.

«Мен өз көлігімнің сыртына "Z" әріпін жазып қойдым. Себебі менің тегім Зиновьев. Көліктің есігін ауыстыруым керек болған кезде жазылған еді. Оны айырбастау ұзаққа созылды. Сол үшін де тұрып қалды. Қазір мен оны өшіріп тастадым», - деді Зиновьев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ