«Қонақ үйдің бөлмелері кабинеттерге айналды»: «Шабыт» университетінің студенті

Azattyq Rýhy

«Шабыт» университетінің ғимаратын жөндеу 1,5 жылға жоспарланған 

«Қонақ үйдің бөлмелері кабинеттерге айналды»: «Шабыт» университетінің студенті

 

Елордадағы «Шабыт» университетінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты қазір студенттер «Ramada Plaza Astana» қонақ үйіне көшірілген. Университет студенті Дидар Әбдіхалық қонақ үйде оқу процесі қалай жүріп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Жөндеу болып жатқан «шабыт» университеті қонақ үйге ауысып кетті. Қазір студенттер «Ramada Plaza Astana» отелінде оқып жатыр. Дәл осылай бөлмелерді кабинет қылып тастаған», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері осы жылдың басында білім алып жатқан ғимараттың шатырынан су сорғалап, тарақан жорғалап жүргенін айтып шағымданған.

Әуелде 600 студентке шақталып салынған оқу орынына бүгінге дейін 3 000 адам әрең сыйып келген. Қаражат бөлініп, нысанда жөндеу жұмысы басталды.

Жөндеуді түгел аяқтау шамамен 1,5 жылға жоспарланған. Ал оған дейін студенттер Астанадағы бес жұлдызды «Ramada Plaza Astana» қонақ үйін паналайды. Нысан қазір Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында.

Мәдениет және спорт мининстрлігі аталған ведомствомен келісімге келіп, ғимараттың 23 мың шаршы аумағын, яғни 67 пайызын пайдаланбақшы. Ал қалған бөлігі медициналық университеттің иелігінде.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.