«Биыл Бурабайда жағдай жақсы»: Маржықпаев отандық туризм жайлы

Автор: Azattyq Rýhy

Ол облыс әкімі болған кездегі жұмысы жайлы айтты

Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Ақордада Бурабайдағы туризм жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2019 жылы қиын жағдай болғанын өздеріңіз білесіздер. Екі жылдың ішінде 40 дәретхана аштық. Биыл Бурабайда жағдай жақсы. Өзім сол жақтан келіп отырмын», - деп айтты жаңа министр.

Ол демалуға арналған көлдер маңындағы мәселе көтерілгенін айтты.

«Келесі аптада Ақтауда туристік жиналыс өтеді. Сол жиында осы мәселелерді пысықтаймыз»,- деді ол.

Еске салсақ, Президенттің өкімімен Ермек Маржықпаев жаңадан құрылған Спорт және туризм министрлігінің басшылығына келді. Осыған дейін ол Ақмола облысының әкімі қызметін атқарған еді.