Парламенттің төменгі палатасының мәліметі бойынша, елде некесіз туған балалардың саны өскен
Өзбекстанда депутаттар көп әйел алуға және адамның сырт келбетін анықтауға мүмкіндік бермейтін жабық киім киюге тыйым салатын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Заңда азаматтардың ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни қатыстылығына қарай артықшылығын немесе кемсітуді насихаттағаны үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді.
Бұдан басқа, некесін заңды тәртіппен тіркемей, діни рәсіммен некелескені үшін жауапкершілік енгізіледі, деп жазады gazeta.uz.
Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:
Парламенттің төменгі палатасының мәліметі бойынша, некесіз туған балалардың саны да өсті. Өзбекстан бойынша 2022 жылы некесіз туған 18 955 бала тіркелді. 2021 жылы 19 037 бала, ал 2020 жылы 16 564 бала некесіз тіркелген.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ