Ата заң асқақталған күн

Автор: Azattyq Rýhy

Шымкентте «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға филиал және аудан қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ұжымды Конституция күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Ата заң бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын баса айтты.

Бұдан кейін қатысушылармен Конституцияның референдум кезінде өзгертілген баптары талқыланып, мән-маңызы тарқатылып айтылды. Шара соңында белсенді қызметкерлер марапатталды.