Ол мұндай әрекет өзге елдерде де кездесетінін айтты
Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тәжіктер ұйымдастырған жәрмеңкедегі қазақстандықтардың әрекеті жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жәрмеңкеде болған барлық қазақстандық өзін солай ұстамады. Белгілі бір адамдар тобы өзін басқаша ұстады. Сондықтан бізге өзімізді тәрбиелеу керек. Мұнай іс-әрекеттер өзге елдерде де кездеседі. Біз, қазақстандықтар ретінде өзіміздің имиджімізге жауап береміз», - деді ол.
Еске салсақ, 26 тамызда тәжіктер ұйымдастырған жәрмеңкені елордалықтар талан-таражға салған еді.
Авторы: Аягөз Құрмаш