ЖОО-дан кейінгі медициналық білім гранттарының саны 70%-ға дейін артты

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады

Фото ашық дереккөзден

Биыл елімізде жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру гранттарының саны 70%-ға дейін артты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын.

«Осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті. Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады», - делінген хабарламада.

Оның ішінде негізгілері:  

  • Акушерлік және гинекология – 214;
  • Анестезиология және реаниматология – 200;
  • Неонатология – 119;
  • Терапия – 115;
  • Жалпы хирургия – 98;
  • Неврология – 92;
  • Психиатрия – 88;
  • Оториноларингология – 83;
  • Кардиология – 78;
  • Офтальмология – 66;
  • Жұқпалы аурулар – 63;
  • Травматология-ортопедия – 62;
  • Эндокринология – 55;
  • Қалғандары – 1167.