28.08.2023, 07:18
Қоғам
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды
38 жастағы әйел көлігін басқара алмай, аударылып кеткен
Фото: instagram.com/zhetysu.police Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/89570/
Жетісу облысында BMW маркалы көлігі аударылып, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты «Алматы-Өскемен» автожолының 323 шақырымында болды. 38 жастағы әйел көлігін басқара алмай, аударылып кеткен.
Апат салдарынан көлік салонында болған 49 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушімен бірге тағы бір жолаушы дене жарақаттарымен Талдықорған ауруханаларының біріне жатқызылды.
Полиция барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол ережесін елемеу қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды