Электромобильдердің бағасы 9 миллион теңгеге артық есептелген
Ақтөбе облысының әкімдігі 77 млн теңгеге 2 электромобиль сатып алмақ болған. Біреуінің құны 38,9 млн теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Диапазон» порталына сілтеме жасап.
Электромобильдердің бағасы 9 миллион теңгеге артық есептелген. Әкімдіктің бұл әрекетін сыбайлас жемқорлықпен күресушілер анықтаған.
Ақтөбе облысы әкімдігінің Іс басқармасы әрқайсысы 38,9 млн теңгеден екі электромобиль сатып алуды жоспарлаған. Өтінімде электромобильде төрт доңғалақты, кем дегенде 5 орын және 4 есік, дисплейі бар мультимедиялық жүйе, тұрақтандыру жүйесі, құлыпқа қарсы тежегіш жүйесі, алдыңғы қауіпсіздік жастықтары болуы керек деп көрсетілген.
Максималды жылдамдығы: 77 кВт/сағат, яғни кем дегенде 325 аттың күшімен пара-пар. Бұл ретте ұқсас электрокарлардың орташа нарықтық құны шамамен 29 млн теңге. Яғни, баға 9 миллион теңгеге артық есептеліп көрсетілген.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта электромобильдерді сатып алудан мүлдем бас тартылған.