Алматы қаласында – 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам тіркелді
26 наурыз сағат 16:20-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тіркелді: Алматы қаласында – 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам тіркеліп отыр. Оның ішінде, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы саны 109 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.