Сенат Төрағасы «Талдау мектебінің» сарапшыларымен кездесті
Жас сарапшылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстар дайындауда
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Талдау мектебі» жобасына қатысушылармен және Жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыру жөніндегі идеялар мен бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда жас сарапшылар Сенаттың қолдауымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстар мен талдамалық материалдар дайындап жатыр», - делінген хабарламада.
Сенат еліміздің заңнамасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар даярлауға сарапшыларды жүйелі түрде жұмылдырып келеді.
Мұндай қадам заңдардың сапасын арттыруға ықпал ететіні анық. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткен болатын.