Ақсудағы 11 млрд теңгеге салынған қазандық биыл да жылыту маусымына дайын емес

Azattyq Rýhy

Бұрын анықталған бұзушылықтарды мердігер ұйым қайта қалпына келтірмеген

Ақсудағы 11 млрд теңгеге салынған қазандық биыл да жылыту маусымына дайын емес
Фото: 24.kz

Павлодар облысының Ақсу қаласында 11 миллиард теңгеге салынған жаңа қазандық алдағы жылыту маусымында да жұмыс істемеуі мүмкін. Бұрын анықталған бұзушылықтарды мердігер ұйым қайта қалпына келтірмеген. Сонымен қатар, орнатылған қазандық жабдықтары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтіні белгілі болды, деп хабарлайды хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Осылайша, қазандық биыл орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмайды. Бірақ тұрғындар жылусыз қалмайды, деп хабарлады әкімдік.

«Бір ай бұрын біз мердігер ұйымның басшылығымен кездестік, бірақ, өкінішке қарай, жағдай мүлдем өзгерген жоқ. Бүгінгі таңда бұл өзекті мәселенің екі шешімі бар. Олар жабдықты жақын арада тиісті жобаға ауыстырады немесе біз ЖСҚ-ны қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамаға шығаруымыз керек», - дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақсу ферроқорытпа зауытының ескі қазандығы жөндеу жұмыстарынан кейін бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ете алады екен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.