Полиция бомба қойылды деген хабарламаны тексеріп жатыр
Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтары бірінің қызметкерлері мен келушілері шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы полиция департаменті аталған сауда үйіне қаланың шұғыл және жедел қызметтері жеткенін хабарлады. Қазіргі уақытта сауда үйінің персоналы мен келушілері сыртқа эвакуацияланды.
«Қазіргі уақытта сапер бөлімшелері сауда үйінің ғимаратын тексеріп жатыр. Қаланың барлық тұрғыны мен қонақтарын қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсінушілікпен қарауға шақырамыз», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.