Қай өңір заңсыз сақталған қаруды көп тапсырды

Azattyq Rýhy

Қарудың бағасы 34 мыңнан 345 мыңға дейін барады

Қай өңір заңсыз сақталған қаруды көп тапсырды

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов заңсыз сақталған қаруды өткізу акциялары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Талдау көрсеткені қарудың ең көп тапсырылған саны Түркістан (187 бірлік), Жамбыл (134 бірлік), Қызылорда (94 бірлік), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында (60 бірліктен астам).Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекеттерiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса қылмыстық және әкімшілік  жауапкершіліктен босатылатынын айта кету қажет», - деді Ыдырысов.

Ол атағандай, өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейін әртүрлі болады.

«Сыйақы көлемін әр облысытық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған, ІІМ БДБ-ның «Тіркелген қару» және «Криминалдық қару» есебінде тұрған қару-жарақтарға, қолдан жасалған, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді.Қару-жарақ заттары қайдан пайда болуы туралы айтсақ, әлбетте олардың көбі – бұрыннан мұраға қалған, не тауып алынған немесе оларды тіркеу бойынша шектеуді енгізгенге дейінгі сатып алынған қарулар.Мысалы, бұрын 1970 жылға дейін қарулар малшыларға аңдардан қорғану үшін есепсіз таратылған», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.