Ақтаудағы өндіруші компаниялардың бірі уақытша өз жұмысын тоқтатып, электр қуатын тұрғын үйлерге бағыттайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде әлі де бірқатар елдімекенде электр қуаты шектеумен беріліп жатыр

ҚР Энергетика министрлігінің және Маңғыстау облысы басшылығының электр энергиясын тұтынуды шектеу туралы өкіміне байланысты «ҚазАзот» акционерлік қоғамы зауыттың жұмысын тоқтатып, халықты қолдау үшін желіге электр энергиясын береді, деп хабарлайды Azatttyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

«ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде қалыптасқан электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, компания басшылығы электр энергиясын тұрмыстық тұтынушылардың пайдасына бағыттау туралы шешім қабылдады.

«Қазір «ҚазАзот» АҚ зауыты желіге 24 МВт сағ электр энергиясын береді. Өндіріс толығымен тоқтағаннан кейін желіге электр қуатын беру 29-30 МВт / сағ дейін артады. Өндірісті тоқтату кезең-кезеңмен жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Еске сала ктеейік, Ақтауда МАЭК-те тағы да апат болды. Комбинатта энергоблоктардың бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Өкінішке қарай құрылғылардың тағы біреуі істен шықты. Соған байланысты бірқатар елдімекенде электр қуаты шектеумен беріліп жатыр.