72 науқас: коронавирус Қазақстанның тағы бірнеше өңірінен анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Шымкент қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында вирус алғаш рет анықталды

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 72 адамға жетті. Бүгін Шымкентте, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында аталған ауруды жұқтырғандар тіркелді.

Айта кетейік, Шымкентте тіркелген науқас 1996 жылы туған. Оның жуырда Нұр-Сұлтан қаласынан келгені белгілі болды.

Еске салайық, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілді.