Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен ойнады
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен ойнады.
Елена Рыбакина 5:7, 7:5, 7:6(10:8) есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 7 эйсті орындап, 7 қос қателік жасады. 24 брейк-пойнттың 10-ын сәтті пайдаланды.
Енді Елена Рыбакина жартылай финалда ресейлік тағы бір теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен ойнайды.