МАЭК-те апат: бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

Azattyq Rýhy

МАЭК-тегі апатқа байланысты Маңғыстау, сондай-ақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының электр желілеріне жүктеме азаяды

МАЭК-те апат: бірқатар елді мекен жарықсыз қалды
Фото: kaz.zakon.kz

Маңғыстау атом энергетика комбинатында (МАЭК) тағы апат болды, осы себепті Маңғыстау энергия торабының өнеркәсіптік тұтынушыларына электр қуатын жеткізу күн сайын шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kegoc компаниясына сілтеме жасап.

«2023 жылдың 11 тамызында Астана уақытымен сағат 14:20-да МАЭК ЖЭО-2 нысанында екі турбоагрегат сөндірілді. Бұл тұтынушылардың тоқтан ажыратуға себеп болды –Атырау энергия торабында 45 МВт-қа, Маңғыстау энергия торабында 98 МВт-қа», деп хабарлады Kegoc.

Автоматиканың қалыпты жұмысы желі мен инфрақұрылым нысандарына келтірілетін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бірінші санаттағы тұтынушылардың, өмірлік маңызды нысандардың, соның ішінде ауруханалардың жұмысына залал келтірілген жоқ, деп хабарлады компаниядағылар.

Кейінірек сағат 16:30-да жаңа апат тіркелді – МАЭК ЖЭС-тегі үшінші блок сөндіріліп, жүктеме 147 МВт-қа төмендеді. Бұл Атырау энергия торабында электр қуатын тұтынуды 55 МВт-қа және Маңғыстау энергия торабында 35 МВт-қа шектеуге әкелді.

Апаттың салдары ГТЭС Қаламқас пен ГТЭС-200 Орал станцияларының жұмысында ақаулар туындауына себеп болды. Сағат 16:58-де Атырау және Маңғыстау энергия тораптарының жұмысы қалпына келтірілді.

2023 жылғы 12 тамыздағы сағат 01:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау энергетика торабында 108,5 МВт-қа жуық өнеркәсіптік тұтынушы шектелген.

МАЭК ЖЭО-ның 3-ші блогында апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін желінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін Маңғыстау энергия торабының өнеркәсіптік тұтынушыларын күнделікті шектеу қажет болады. Бұл ретте тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың қажеттіліктері бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.