Ақтаудың бірнеше шағынауданы жарықсыз қалды: МАЭК түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта жылу электр станциясының жұмыс режимін қалпына келтіру жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

«Маңғыстау атом энергетика комбинаты» ЖШС (МАЭК) бүгін Ақтауда жарықтың өшірілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«11 тамыз күні сағат 15:25-те жылу электр станциясының АТ-2 автотрансформаторын синхрондау кезінде жүктемесі 142 МВт болатын №3 энергоблогы сөніп қалды. Қазіргі уақытта жылу электр станциясының жұмыс режимін қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына Бірыңғай сатып алушы – «Есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС енгізілді. Осы ретте, станцияларда электр энергиясынан авариялық ажырату болған жағдайда, яғни баланстан ауытқу кезінде Қазақстан бойынша жүйелік оператор – «KEGOK» АҚ электр жүйесін реттеуді қамтамасыз етуі тиіс», - делінген «МАЭК» ЖШС-нің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін түстен кейін Ақтауда бірқатар шағынаудан мен бір ауыл жарықсыз қалған.