Президент Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданындағы өртті сөндіруге ат салысқан бір топ азаматты марапаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Марапатталған азаматтар өрт сөндірушілер емес

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ерлігі үшін» медалімен марапатталғандар:

  • Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
  • Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
  • Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
  • Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
  • Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
  • Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.