Еуразия сауда орталығындағы өрт жойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

9 тамызда сағат 15-57-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері "Еуразия" сауда орталығындағы өрт бойынша шақыртуға шықты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін бірінші қабатта 20 шаршы метр алаңда заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртенгені анықталды.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 16-11-де оқшауланып, сағат 16-33-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Астана қ. ТЖД жеке құрамның 68 адамы және 14 техникасы жұмылдырылды.